Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

«Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесің ережесі

Павлодар қаласы әкімдігінің
        2017 жылғы «16» ақпандағы
          № 181/6 қаулысымен
бекітілді

 «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

 

  1. 1.     Жалпы ережелер

         1. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетінің атқарылуы және коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару бойынша өз құзіреті шегінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

         3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.  «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

         8.  «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

         9.  «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.

         10. «Павлодар   қаласы   қаржы  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің  жұмыс

тәртібі:

         дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат

13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

         11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел финансов города Павлодара».

12. Мемлекет Павлодар қаласы әкімдігі атынан «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

         13. Осы Ереже «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

         14. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен  жүзеге асырылады.

         15.  «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. 2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

16. Миссиясы:  «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде Павлодар қаласы бюджетінің атқарылуын, қаланың бюджеттік есебі мен бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізуді, коммуналдық меншікті және  мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын басқаруды  жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

17. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мақсаты қала бюджетін атқаруға,  қаланың бюджеттік есебі мен  бюджеттің атқарылуы  бойынша есептілік жүргізуге, қаланың коммуналдық меншігін және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқаруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процессін  мониторингілеуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

18. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде бюджеттің атқарылуы, бюджет есебі мен  бюджеттің атқарылуы бойынша есептілік жүргізуге, коммуналдық меншікті және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процессін  мониторингілеу мәселелері  бойынша іс-шараларды іске асыру  болып табылады.

19.  Міндеттері:

1) қаланың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару бойынша  қызметін үйлестіру;

2) тікелей және түпкілікті нәтижелерге, қала бюджетінің атқарылуы  бойынша бухгалтерлік және  бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік жүргізуге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің атқарылуын  қамтамасыз ету;

3) қаланың коммуналдық меншігін және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, оларды  қорғау бойынша шараларды іске асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге міндеттер.

20.  Функциялары:

1) қала бюджетінің атқарылуы мен оған мониторинг жүргізуді  ұйымдастыру;

2)  қала бюджеті  бойынша  міндеттемелерді қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық    жоспарын құрастыру, бекіту және жүргізу, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

3) қала мемлекеттік мекемелерінің   иелігінде қалған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жиынтық жоспарларын келісу;

4) кірістер бойынша түсімдердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, қала  бюджетінің қаржылық активтері мен  қарыздарын сатудан түскен болжамның  жылдық сомасын бекіту;

5) жергілікті атқарушы органның резервінен кезек күттірмейтін шығыстарға қаражат бөлу туралы жергілікті атқарушы органның шешімдер жобасына қорытынды дайындау;

6)  жергілікті аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органның   резервінен ақша бөлу, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық тәртібін   қамтамасыз ету  бойынша іс-шаралар өткізутуралы қолдаухатты қарастыру;

7) бюджет атқару  бойынша  орталық уәкілетті  орган белгілеген тәртіпте    қаланың бюджеттік есептілігін, атқарылуы туралы есепті құрастыру және  ұсыну, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру;

 8) жоғары тұрған бюджеттерден берілген бюджеттік кредиттерге  мониторингті іске асыру, олардың есепке алынуы мен қайтарылуын қамтамасыз ету;

9)  «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  әкімшілік ететін сыныптама кодтары бойынша қала бюджетіне артық (қате) төленген   сомалардың қала бюджетінен қайтарылуын және (немесе) есептелуін қамтамасыз ету;

10) қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қолма қол ақша бақылау шоттарын ашуына, код тағайындау мен жабуға арналған рұқсатнамалар беру;

11) бюджеттік қаражатты  басқару бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметін бағалауға арналған деректерді облыс бюджетін атқару бойынша мемлекеттік органға жинақтау, қалыптастыру және ұсыну;

12)  қала бюджетінің  атқарылуы  туралы  жылдық есепті  қоғамдық кеңес   мәжілісінде талқылау, сондай-ақ қала мәслихаты мен облыс тексеру   комиссиясына ұсыну;

13)  қала бюджетінен қаржыландырылатын  мемлекеттік  сатып алуды іске асыру тәсілдері қимасында, сондай-ақ мәніне қатысты ақпаратты жинақтау, жиынтықтау және  талдау;

14)  қаланың коммуналдық мүлкін басқаруды  ұйымдастыру,  оны  қорғау  бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

15) қаланың коммуналдық мүлкінің  пайдаланылуы мен сақталуына   мониторингті іске асыру;

16) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру, оның тиімді  пайдаланылуын қамтамасыз ету;

17) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, қаланың жергілікті    атқарушы органының қатысуымен жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктерінің   қаланың коммуналдық мүлкін тиімді басқаруына  мониторингті жүзеге асыру;

18) қаланың мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірістің белгіленген бөлігін аударудың толықтығы мен уақытылығына, сондай-ақ жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі қаланың жергілікті атқарушы органына     тиесілі  жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің қатысушылары арасындағы    таза кірісті бөлуіне, олардың қала бюджетіне төлемдеріне мониторингті іске   асыру; 

19) қаланың коммуналдық мүлкін жауапкершілігі шектеулі    серіктестіктердің жарғылық капиталына беру бойынша іс-шараларды өткізу;

20) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қаланың   коммуналдық мүлкін жекешелендіруді іске асыру, соның ішінде      жекешелендіру объектісін бағалауды, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу     шарттарын дайындау мен жасасуды және сату-сатып алу шарттарының талаптарының қадағалануына бақылауды қамтамасыз ету;

21) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

22) қала бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың    коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келісу;

23) коммуналдық мүлікті қаланың коммуналдық заңды тұлғаларына  бекіту, коммуналдық мүлікті қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі  бойынша деңгейден деңгейге беру;

24) қаланың коммуналдық заңды тұлғаларына берілген немесе меншікті  шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің қаланың жергілікті   атқарушы органының шешімі бойынша алынуын және/немесе қайта бөлінуін   іске асыру;

25) қаланың жергілікті  атқарушы органының шешімі  бойынша  қалалық коммуналдық мүлікті жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру және кейіннен өтеусіз беру құқығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне сенімгерлікпен басқаруға беру;    

26) қаланың коммуналдық мүлкін жеке және мемлекеттік емес заңды  тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға),  мемлекеттік заңды  тұлғаларға өтеусіз пайдалануға беру;

27) сенімгерлік басқарушының қаланың коммуналдық мүлкін    сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауына  мониторингті іске асыру;

28) қаланың коммуналдық меншігіне жататын мемлекеттік-жеке әріптестік объектілері бойынша жасалған  шарттардың тізілімін жүргізу;

29) мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттары негізінде құрылған  объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша                  іс-шараларды жүзеге асыру;

30) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу мен ұсынуды  ұйымдастыру;

31) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды немесе  жергілікті атқарушы органның  жеке тұрғын үй  қорынан жалға алған тұрғын үйді есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

32) «Коммуналдық тұрғын үй  қорынан немесе жеке тұрғын үй  қорынан    жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйден мемлекеттік   кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй  қорынан тұрғын үйге    мұқтаж  азаматтарға тұрақты пайдалануда тұрғын үйінің болуы (жоқтығы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі; 

33) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді  жалдау  шарттарын жасасу;

34) коммуналдық тұрғын үй  қорын түгендеу;

35) қолданыстағы заңнамамен белгіленген шарттар мен тәртіпте    коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді азаматтардың меншігіне тапсыру;

36) мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын құзыреті шегінде іске асыру;

37) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген  өзге функцияларды жүзеге асыру.

21.  Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген міндеттер мен функциялары шегінде шешімдер қабылдайды;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларданжүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттармен ақпаратты сұратады және алады;

3) қаланың  коммуналдық  мүлкін басқару  саласында құзыретіне енетін    мәселелер бойынша қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне    енетін  мемлекеттік  заңды  тұлғалардың жұмысын үйлестіреді және  өзара       іс-қимылын  қамтамасыз етеді;

4) мүдделі органдардың келісімі бойынша осы Ережемен және  қолданыстағы заңнамамен көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін   ведомствоаралық комиссиялар құрады;

5) «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша өз өкілеттігі шегінде мәжілістер мен басқа              іс-шаралар өткізеді;

6) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтары менміндеттерін жүзеге асырады.

 

 

3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

22. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын іске асыруға жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

23. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар қаласы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

24. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.

25. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Павлодар қаласының әкімдігімен және осы ережемен белгіленетін    құзыретіне сәйкес бір бастау қағидатында әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді;

2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;  

3) «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

4) «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен жауапкершілік деңгейін анықтайды;

5) «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда  өкілеттілік етеді, сенімхаттар береді;

6) өз құзыреті шегінде «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің орындауы үшін міндетті  бұйрықтар шығарады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

8) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн мадақтау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

9) құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді  іске асырады.

26. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

27. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

28. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік  мекемесі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

29. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес белгіленеді.

 

4. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

30. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

30. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк қаланың коммуналдық меншiгіне жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелену құқығы жоқ.

 

5. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

         32. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз
Павлодар қаласының әкімдігі атынан «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ «Нұрлы жер» құбағдарламасының «Бақытты отбасмы» бағыты…
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат
Павлодар қаласында – 264 пәтер. Жеке меншік құрылысшыларда: Амангельды, 47/1 көшесіндегі тұрғын үй. Жалпы саны…
Хабарландыру!
19 июня 2019 года приглашаем всех жителей города Павлодар на Ярмарку квартир в рамках реализации…
Павлодар қаласы әкімдігінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрғандар тізіміне кезең сайынғы түгендеу жүргізу туралы ескереді
Павлодар қаласының әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған азаматтар кезегінің тізіміне…
Прием документов на обновление
Прием документов на обновление осуществляется ежедневно в ГУ «Отдел финансов города Павлодара» по адресу: г.…
Тіркеу үшін
Согласно ст. 67 Закона РК «О жилищных отношениях»  (далее –Закон)  жилища из коммунального жилищного фонда предоставляются…
Хабарландыру
Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы  бағдарламасына  «Бәйтерек…

Павлодар қаласы қаржы бөлімі MM


140000, ҚР, Павлодар қ.,
Кривенко қ-сі 25, каб. 215