Конкурстар, тендерлер және басқаларын өткізу

«№1 Автобус паркі» ЖШС-тің жарғылық капиталындағы 100 % қатысу үлесі коммерциялық тендер арқылы сауда-саттық Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында: www.gosreestr.kz 2015 жылғы қарашаның 3-і сағат 10-00-нен басталады (Астана уақыты) өткізіледі.

Мүлікті сату шарттары: 

1. Кәсіпорынның кәсіби қызметін келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап үш жыл ішінде сақтау;

2. Келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде автобус паркін шыққан жылы 2013 жылы болуы тиіс шартымен, кемінде 90 адам сыйатын 30 бірлік автобусымен толтыру.

3. 2016 жылдың соңына дейін қоғамдық көлікте электрондық төлемнің автоматтандырылған жүйесін енгізу.

4. 3 жылға дейін бөліп төлеуі мүмкін.Төлеу кестесі тараптарының келісуі бойынша.

Бастапқы құны: 1 175 646 000 теңге

Алғашқы құны: 1 175 646 000 теңге

Кепілдік жарна: 59 460 000 теңге

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық коммерциялық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

       Коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail),

         Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

        Коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

        Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді және оған электронды қосымша (сканерленген) көшірмесімен бірге төмендегідей құжаттарды тіркеу қажет:

- Тендерге қатысушы қол қойған, Тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен баға ұсынысын;

- Сауда-саттыққа өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді;

- Шетелдік заңды тұлғалар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

       Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

      Коммерциялық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

       Қатысушының көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

       Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, Тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

      Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.

    Егер тендерге тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендіру нысаны бір ғана қатысушыға мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеді деп жарияланады.

       Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша Тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      Тендерді өткізу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендіру нысаны үшін ең жоғары мәнді қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердің жеңімпазы деп жариялайды.

       Егер тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып табылады.

      Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

      Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама Тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

       Коммерциялық тендер кезінде сатушы Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электронды мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған комиссия қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Павлодар қ, Кривенко көшесі, 25, 212, кабинет мекенжайында жеңімпазбен сатып алу- сату шартына коммерциялық тендер өткізілген куннен бастап он кунтізбелік куннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

       Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.

       Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтырады.

       Сату-сатыпалу келісім-шарты бойынша есептесу ісі жеңімпазбен «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» ММ арасында жасалады. Оның негізінде сатып алушы төлемдерді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) кепілдік соммасы алдын ала төлем ретінде есептеледі.

2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша енгiзiледі.

Бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының 15 пайызынан кем болуы мүмкін емес, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс. Төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы болып табылады.

         Коммерциялық тендер өткізу бойынша қосымша ақпаратты Павлодар қаласы, Кривенко, 25 212 каб. мекен-жайынан және мына телефон арқылы алуға болады : 8 (7182) 322986

        Кепілдік жарна мен төлемдерді жүзеге асыру реквизиттері:

«Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ, БСН 050540004455, БСК KZKOKZKX, ЖСК KZ529261501102032004, Банк: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, КНП 171, Кбе 16.

«Горкомхоз-Павлодар» ЖШС-тің жарғылық капиталындағы 100 % қатысу үлесі ағылшын әдісімен электрондық аукцион арқылы сауда-саттық Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында: www.gosreestr.kz 2015 жылғы қарашаның 3-і сағат 10-00-нен басталады (Астана уақыты) өткізіледі.

Бастапқы құны: 107 940 000 теңге

Алғашқы құны: 107 940 000 теңге

Кепілдік жарна: 16 191 000 теңге

Электрондық аукционның қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және электрондық аукционның, басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.

Кепілдемелік жарна бірыңғай оператордың реквизитіне енгізіледі: алушы «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ БСН: 050540004455 ЖСК: KZ529261501102032004 БСК: KZKOKZKX. Банктің атауы: «Казкоммерцбанк» АҚ КНП: 171 КБЕ: 16. Төлемнің нысаны:Аукцион немесе тендерге қатысу үшін кепілдемелік жарна (кепілдемелік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).

Назар аударыныз! Қатысушының Қағидаға сәйкес көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ Сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол берiледi, бұл ретте бiр кепiлдiк жарнасы қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшiн осы кепiлдiк жарнасын енгiзген жекешелендiру объектiсiн сатып алу құқығын бередi.

Электрондық аукционға қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тiзiлiм веб-порталында алдын ала тiркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп-айырысу шотының деректемелерiн;

4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

         Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады.

Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Шетелдiк заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмелерiн ұсынады.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейiн бiр сағат iшiнде ЭЦҚ мен аукцион нөмiрiн пайдалана отырып, аукцион залына кiредi. Аукцион жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың ағылшын әдiсi бойынша

электрондық аукцион:

1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi Қағидаға сәйкес белгiленген қадамға жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, осы жекешелендiру объектiсi бойынша электрондық аукцион өткiзiлмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiреуi Қағидаға сәйкес белгiленген қадамға жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растайтын болса, бастапқы баға белгiленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейiн жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiнiң ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн соңғы растаған қатысушы жеңiмпаз болып танылады, ал осы жекешелендiру объектiсi бойынша электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады.

Жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдiсi бойынша электрондық аукцион қатысушылардың бiреуi ұсынған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi.

Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемiнде екi қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдiсi бойынша электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екi қадамға өсуiн кемiнде екi қатысушы жүзеге асырады.

Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша электрондық аукцион нәтижелерi электрондық аукцион нәтижелерi туралы электронды хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы және жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейiн жиырма төрт сағат iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталында қол қояды.

Электрондық аукцион нәтижелерi туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерiн және жеңiмпаз сатушының жекешелендiру объектiсiн сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 222 - кабинет мекенжайында жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде қол қойылады.

Электрондық аукцион өткізу туралы косымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және мына телефон арқылы алуға болады 8 (7182) 32-13-42.

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат
Павлодар қаласында – 264 пәтер. Жеке меншік құрылысшыларда: Амангельды, 47/1 көшесіндегі тұрғын үй. Жалпы саны…
Хабарландыру!
19 июня 2019 года приглашаем всех жителей города Павлодар на Ярмарку квартир в рамках реализации…
Павлодар қаласы әкімдігінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрғандар тізіміне кезең сайынғы түгендеу жүргізу туралы ескереді
Павлодар қаласының әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған азаматтар кезегінің тізіміне…
Прием документов на обновление
Прием документов на обновление осуществляется ежедневно в ГУ «Отдел финансов города Павлодара» по адресу: г.…
Тіркеу үшін
Согласно ст. 67 Закона РК «О жилищных отношениях»  (далее –Закон)  жилища из коммунального жилищного фонда предоставляются…
Хабарландыру
Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы  бағдарламасына  «Бәйтерек…

Павлодар қаласы қаржы бөлімі MM


140000, ҚР, Павлодар қ.,
Кривенко қ-сі 25, каб. 215