Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтардың «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық іріктеуге қатысуға құқығы бар.
      3. Өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін, өз өкілеттіктерін тоқтатқан Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердің, судьялардың «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына конкурстық іріктеуден тыс орналасуға құқығы бар.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен кадр резервіне іріктеуден және конкурстық іріктеуден өтпестен орналаса алады.
      4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берiлмейдi.    

  Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар

      1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуға:
     1)Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
     2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс.
      Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер адамдар мынадай талаптарға сай болуға:

      1) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған болуға тиіс.

      2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде мемлекеттік кіріс органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік орган арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым көздейтін мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдайды. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. Еңбек шарттары арнайы тексеруді жүргізу мерзіміне жасалады.

       Арнайы тексеру жүргізу кезеңінде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады. Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.

      4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындауы мүмкін.
      5. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жүзеге асыратын лауазымдық өкілеттіктер ескеріле отырып, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірленеді және оларды уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік органдар бекітеді.
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді.

  Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға
 арналған конкурс

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.
      «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты мемлекеттік орган өткізеді.
      Тестілеуден өту кезінде уәкілетті орган белгілейтін шекті мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.
      2. Конкурс орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде өткізілген кезде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Конкурсты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметi) құрылған жағдайда, хабарландырулар ол құрылымына кіретін мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
      3. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, онда осы шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
      4. Конкурсты өткізу және конкурстық комиссияны құру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
      Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
      6. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға құқығы бар.
      7. Тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының жарияланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк қызметке кiру үшiн көзделген талаптар сақталуға тиiс.
      8. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызметке ұсынған конкурсқа қатысушы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынуға құқылы.
      Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған конкурсқа қатысушы өзі алынған күннен бастап бір жыл ішінде, біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, сол мемлекеттік органда «Б» корпусының тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымына қосымша конкурстан өтпестен орналасуға құқылы.

        9.Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.

Хабарландыру!
Павлодар қаласының әкімдігі атынан «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ…
Назар аударыңыз
Павлодар қаласының әкімдігі атынан «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ «Нұрлы жер» құбағдарламасының «Бақытты отбасмы» бағыты…
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат
Павлодар қаласында – 264 пәтер. Жеке меншік құрылысшыларда: Амангельды, 47/1 көшесіндегі тұрғын үй. Жалпы саны…
Хабарландыру!
19 июня 2019 года приглашаем всех жителей города Павлодар на Ярмарку квартир в рамках реализации…
Павлодар қаласы әкімдігінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрғандар тізіміне кезең сайынғы түгендеу жүргізу туралы ескереді
Павлодар қаласының әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған азаматтар кезегінің тізіміне…
Прием документов на обновление
Прием документов на обновление осуществляется ежедневно в ГУ «Отдел финансов города Павлодара» по адресу: г.…
Тіркеу үшін
Согласно ст. 67 Закона РК «О жилищных отношениях»  (далее –Закон)  жилища из коммунального жилищного фонда предоставляются…
Хабарландыру
Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы  бағдарламасына  «Бәйтерек…

Павлодар қаласы қаржы бөлімі MM


140000, ҚР, Павлодар қ.,
Кривенко қ-сі 25, каб. 215