Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Павлодар қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2016 жылғы 7 қыркүйекте сағат 10.00-де (Астана уақытымен) www.gosreestr.kz. мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Павлодар қаласының  коммуналдық меншік объектілерін сату жөніндегі электрондық аукцион өтетіні туралы  жариялайды.    

Павлодар қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық аукционға бағаны төмендетуге мынадай объектілер қойылады:

  1. Павлодар қаласы, Дерибас көшесі, 12/2-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 57,8 шаршы метр, тұрғын емес үй-жай. Баланс ұстаушысы «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ. Алғашқы бағасы  6 007 000 теңге. Ең төменгі баға 3 003 500 теңге. Кепілдік жарна 901 050 теңге.
  2. Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 11-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 822 шаршы метр, тұрғын емес үй-жай. Баланс ұстаушысы «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ. Алғашқы бағасы   72 409 000 теңге. Ең төменгі баға 36 204 500 теңге. Кепілдік жарна 10 861 350 теңге.
  3. Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 90/1-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 50,7 шаршы метр, тұрғын емес үй-жай  (төле). Баланс ұстаушысы «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ. Алғашқы бағасы  4 508 000 теңге. Ең төменгі баға 2 254 000 теңге.  Кепілдік жарна 676 200 теңге.
  4. 2005 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі S 348 VT, ГАЗ-31105-120 автомобилі, баланс ұстаушысы «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ. Алғашқы құны 504 000 теңге. Ең төменгі баға 252 000 теңге. Кепілдік жарна 75 600 теңге.

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдік жарна бірыңғай оператордың реквизитіне енгізіледі: алушы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ БСН: 050540004455 ЖСК: KZ529261501102032004 БСК: KZKOKZKX. Банктің атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ТМК: 171 ББК: 16. Төлем мақсаты: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарнаның мөлшеріне банк қызмет көрсетулерінің төлемі кірмейді).

Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

Сатушы мынадай жағдайларда:

1)    жеңімпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда; 

2)    сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепілдік жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға  өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Көңіл бөліңіз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол берiледi, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна қатысушы осы кепiлдiк жарнаны енгiзген сауда-саттыққа қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу құқығын бередi.

Электрондық аукионға қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тiзiлiмнің веб-порталында алдын ала тiркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп-айырысу шотының деректемелерiн;

4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.

            Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді  (бұдан әрі - Өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінімі тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнацы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарылады.

Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

            Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша

аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

            Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол  қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

             1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

            2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің 

не анықтаманың;

            заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі

паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

            Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде 

қайтарылады.

            Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

            Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін  пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын  аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

 

Электрондық аукцион өткізу ережелері

            Бағаны төмендету аукционы:

1)      егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде  қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бір қадамға азаяды;

2)      егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

            Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3)    егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде –бірі  жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамас, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

                        Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық 

нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана 

отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

            Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен 

сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою 

міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй, 212-кабинет мекенжайы бойынша аукцион  өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен  www.gosreestr.kz. сайтында таныса аласыздар немесе 8 (7182) 32-29-86 телефоны бойынша ала аласыздар. 

Павлодар қаласы әкімдігінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрғандар тізіміне кезең сайынғы түгендеу жүргізу туралы ескереді
Павлодар қаласының әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған азаматтар кезегінің тізіміне…
Прием документов на обновление
Прием документов на обновление осуществляется ежедневно в ГУ «Отдел финансов города Павлодара» по адресу: г.…
Тіркеу үшін
Согласно ст. 67 Закона РК «О жилищных отношениях»  (далее –Закон)  жилища из коммунального жилищного фонда предоставляются…
Хабарландыру
Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы  бағдарламасына  «Бәйтерек…

Павлодар қаласы қаржы бөлімі MM


140000, ҚР, Павлодар қ.,
Кривенко қ-сі 25, каб. 215