Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Ақпараттық хабарлама

«Павлодар қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2016 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де (Астана уақытымен) www.gosreestr.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тендер арқылы қалалық коммуналдық меншік объектілерін (сұйылтылған көмірсутек газының топтық суқойма қондырғыларын) сату бойынша сауда-саттық өткізілетіні туралы  жариялайды.    

Павлодар қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Тендерге мынадай объектілер қойылады:

№ р/с

Объектінің орналасқан жері

Диаметрі (мм)

Ұзын-дығы (мм)

Су қоймалар-дың саны, (дана)

Бастап-қы бағасы (тенге)

Кепілдік жарнаның мөлшері (бастапқы бағаның 15%-ы) (теңге)

1

Торайғыров көшесі,36

57,76,108,133

160

6

257 500

77 250

2

Кутузов көшесі, 25

57, 76

113

3

130 000

39 000

3

Мир көшесі,11

57,76

160

2

132 500

39 750

4

Лермонтов көшесі, 47, 49, 49/1,49/2

57, 76, 89

340

3

153 000

45 900

5

Торайғыров көшесі, 20,26,28,30

57,76,89

129

2

247 000

74 100

                       

Мүлікті сату шарттары:

1)       газқұбырларды, қысым астында істейтін түтікшелерді газсыздандыруды, азоттық ауа қосындымен толтыру, ернемек арқылы жалғастырудың  саңылаусыздандырылуын жүргізу;

2)      ашу бойынша жер жұмыстарын (қолмен жұмыс істеу, қысым астында істейтін түтікшелерді қазып шығару) жүргізу және қысым астында жұмыс істейтін түтікшелерден электрохимиялық қорғаудан (адасқан токтарды) ажыратуды жүргізу; өнеркәсіп және өртке сөндіру қауіпсіздігі ережелері бойынша уәкілетті органмен келісілген жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес газқұбыры мен түтікшелерді бөлшектеу, мамандандырылған техникада тасымалдау үшін азот ауа қосындысымен толтыру («Көлік бақылау инспекциясы» ММ мен «Павлодар облысы ІІБ ЖП» ММ-мен келісілген жол бағыты бойынша түсіру пунктіне дейін өрт қауіпті жүтерді тасымалдау бойынша рұқсат құжаттарының бар болуы;

3)    газ құбырын және түтікшелерді уәкілетті органмен келісілген жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша бөлшектеуді жүргізу, түсіру пунктісіне дейін мамандандырылған техниканы  («Көлік бақылау инспекциясы» ММ және «Павлодар облысы ІІД ЖПБ» ММ-де қозғалыс бағытымен келісілген тез тұтанғыш жектерді тасымалдау жөніндегі рұқсат етуші құжаттары бар) тасымалдау үшін азотты әуе қоспасымен толтыру;

4)    топырақ құнарлығын қалпына келтіру жобасына сәйкес жер телімін жарамды жағдайға келтіру;

5)    жұмыстар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» № 188-V Заңына сәйкес келісілген жобалық құжаттамаға қатаң сәйкестікте орындалуы тиіс;

6)    бөлшектеу бойынша жобаны барлық уәкілетті органдармен, сондай-ақ «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, тиісті кондоминиум объектілерін басқару объектілерімен және т.б. келісу.

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын (Астана уақытымен) аяқталады.

Кепілдік жарна бірыңғай оператордың реквизитіне енгізіледі: алушы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ БСН: 050540004455 ЖСК: KZ529261501102032004 БСК: KZKOKZKX. Банктің атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ТМК: 171 ББК: 16. Төлем мақсаты: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарнаның мөлшеріне банк қызмет көрсетулерінің төлемі кірмейді).

Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

Сатушы мынадай жағдайларда:

1)    жеңімпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда; 

2)    сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепілдік жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға  өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Көңіл бөліңіз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамуы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабараламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол берiледi, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна қатысушы осы кепiлдiк жарнаны енгiзген сауда-саттыққа қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу құқығын бередi.

Тендерге қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тiзiлiмнің веб-порталында алдын ала тiркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп-айырысу шотының деректемелерiн;

4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.

            Коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

            Тендерге қатысушылар өтінімді және оған электронды қосымша (сканерленген) көшірмесімен бірге төмендегідей құжаттарды тіркеу қажет:

- Тендерге қатысушы қол қойған, Тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен баға ұсынысын;

            - Сауда-саттыққа өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді;

            Шетелдік заңды тұлғалар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

            Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

            Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

            Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.       

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнацы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнацы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарылады.

Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

            Егер тендерге тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендіру нысаны бір ғана қатысушыға мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеді деп жарияланады.

            Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша Тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

            Тендерді өткізу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендіру нысаны үшін ең жоғары мәнді қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердің жеңімпазы деп жариялайды.

            Егер тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып табылады.

            Тендердің жеңімпазы тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама Тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатып алушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Павлодар қ, Кривенко көшесі, 25, 212-кабинет мекенжайында жеңімпазбен сатып алу- сату шартына коммерциялық тендер өткізілген куннен бастап он кунтізбелік куннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және шарт жасасу негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.

            Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтырады.

            Сату-сатып алу шарты бойынша есептер «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ мен сатып алушы арасында жасалады. Бұл ретте сатып алушы есептерді мынадай тәртіпте жүргізеді:

            1) кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің есебіне есептеледі.

            2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.      

Тендер өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй,  212-кабинет мекенжайынан алуға болады.

Байланыс телефоны: 8 (7182) 322986

            Кепілдік жарналарды есептеу және төлеу үшін реквизиттер:

            «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455, БСК KZKOKZKX, ЖСК KZ529261501102032004, Банк: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, ТМК 171, ББК 16.

Павлодар қаласы әкімдігінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрғандар тізіміне кезең сайынғы түгендеу жүргізу туралы ескереді
Павлодар қаласының әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған азаматтар кезегінің тізіміне…
Прием документов на обновление
Прием документов на обновление осуществляется ежедневно в ГУ «Отдел финансов города Павлодара» по адресу: г.…
Тіркеу үшін
Согласно ст. 67 Закона РК «О жилищных отношениях»  (далее –Закон)  жилища из коммунального жилищного фонда предоставляются…
Хабарландыру
Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы  бағдарламасына  «Бәйтерек…

Павлодар қаласы қаржы бөлімі MM


140000, ҚР, Павлодар қ.,
Кривенко қ-сі 25, каб. 215